Жарияланды: 510

Елбасы еліміздің бірқатар әскери жоғары оқу орындарын үздік бітірген курсанттарға әскери шендерді тапсырды

Елбасы еліміздің бірқатар әскери жоғары оқу орындарын үздік бітірген курсанттарға әскери шендерді тапсырды

Бүгін елордада Астана күнін мерекелеу салтанатының басталғандығын білдіретін Мемлекеттік туды көкке көтеру рәсімі барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің бірқатар әскери жоғары оқу орындарын үздік бітірген курсанттарға, Қазақстан Тәуелсіздігінің құрдастарына әскери шендер мен атақтарды тапсырды.

«Бұл күні біз әрдайым әскери ЖОО-ларды үздік тәмамдаған түлектерге әскери шендер мен атақтарды тапсырамыз. Осы арқылы біз жастарға, Тәуелсіздік құрдастарына бет бұрамыз. Біз мемлекетті солар үшін қалап жатырмыз және біздің болашағымыз жақсы қолда болатынына сенеміз», - деп атап өтті Елбасы. Шара кезінде ҚР Президенті, әскери ЖОО-ны тәмамдаған курсанттарды, олардың ата-аналарын құттықтай отырып, әскери оқуды бітірген жастардың барлығына шын жүректен денсаулық, екіншіден зор табыс, мансаптық өсіп-өнуінде ойлаған мақсаттарына жетсін деген тілек білдірді. «Әр қашан аман-сау болыңыздар, Қазақстан сендерге сенеді! Қазақстанға еш уақытта қаймықпай қызмет етеді, ержүректік білдіреді, жан аямай елімізді, ұлтымызды сақтайды деп сенемін!», - деді Елбасы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін