«Жарлықта Қазақстан президентінің алдағы сайлауын дұрыс өткізу туралы мемлекетік мекемелерге тікелей нұсқау берілген»,- деді Н.Назарбаев бүгін «Отан» партиясының кезектен тыс сьезінің барысында.
Құжатта сайлау заңнамасына бағыну, сайлаушылар тізімін дер кезінде шынайы жасау, сайлау алдындағы үгіт-насихат кезінде үміткерлердің БАҚ-тарға шығуына бірдей мүмкіндік жасау, шетелдік, халықаралық ұйымдар мен шетелдік БАҚ-тардың бақылаушыларын аккредитациялау іс-шараларына прокурорлық бақылауды күшейтуге баса назар аударылған.
«Жарлықта мен сонымен бірге Қазақтандағы барлық саяси күштерге сайлау шараларын өткізу барысына қоғамдық бақылау орнату жөнінде бағдар бердім»,- деді мемлекет басшысы. «Қоғамдық бақылау ашық жұмыс істеуге және барлық деңгейде заңнаманың нақты сақталуын қамтамасыз етуге тиіс»,- деді Н.Назарбаев.
«Саяси тұрақтылықты одан әрі қамтамасыз ету, қоғамдағы ұлтаралық келісімді сақтап қалу мұратына сәйкес мен үшін бастаған істі жалғастырудың маңызы зор»,- деді президент.
i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті