Елбасы Франция президентіне көңіл айтып жеделхат жолдады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Боинг-737" ұшағының апаты салдарынан көп адамның ажал құшуына байланысты Франция президенті Жак Ширакқа көңіл айтып, жеделхат жолдады, деп хабарлайды президент әкімшілігінің баспасөз қызметінен. |
"2004-жылғы 3-қаңтар, сенбіде чартерлік рейс жасайтын ұшақтың Қызыл теңізге құлауы салдарынан 133 француз азаматының өмірі қиылғандығы жайлы қаралы хабарды естідім. Қазақстан халқының және өзімнің атымнан сізге және қаза болғандардың жақындары мен туыс-туғандарына қайғырып көңіл айтамын,- делінген жеделхатта.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін