Елбасы «Гран-При Абу-Даби Формула-1» финалдық жарысының ашылуына қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 509.51
  • 570.6
+19 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы «Гран-При Абу-Даби Формула-1» финалдық жарысының ашылуына қатысты

Елбасы «Гран-При Абу-Даби Формула-1» финалдық жарысының ашылуына қатысты

Кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Даби Тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы күштері Бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид әл-Наhаянның шақыруымен «Гран-При Абу-Даби Формула-1» финалдық жарысының кезекті кезеңінің ашылуына қатысты.

  • 5 Қараша 2012
  • 419
Фото - Caravan.kz

Бұл жайлы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы іс-шара барысында жарыстың ашылуына қатысқан бірқатар шетелдік мемлекет басшыларымен кездесу өткізді.

Формула-1 — дөңгелектері ашық автокөліктердің айналмалы жолындағы автожарысының әлемдік біріншілігі. Бұл жарыс жыл сайын өткізіледі және Гран-При мәртебесі бар бірнеше кезеңнен тұрады.