Елбасы ИДБ Президенті Ахмад Мохаммед Әли әл-Маданимен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы ИДБ Президенті Ахмад Мохаммед Әли әл-Маданимен кездесті

Елбасы ИДБ Президенті Ахмад Мохаммед Әли әл-Маданимен кездесті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жетінші Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумы аясында Ислам даму банкінің президенті Ахмад Мохаммед Әли әл-Маданимен кездесті,

  • 8 Маусым 2011
  • 555
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Кездесу кезінде екі жақты іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ жетінші Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумының күн тәртібі талқыланды.

— Мен ынтымақтастыққа және бізде исламдық қаржыландыруды дамытуға сіңірген зор еңбегіңіз үшін Сізді I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойдым. Ынтымақтастықтың одан әрі дами беретініне сенім білдіремін. Біз бірінші рет кездесіп отырған жоқпыз, дегенмен бұл ерекше кездесу. Біздің елімізде өтіп отырған экономикалық форум біздің ислам елдерімен ынтымақтастығымызға ықпал етеді деп сенемін. Біз ИДБ-нің өз еліміздегі қызметіне үлкен мән береміз және Қазақстанда аймақтық ислам қаржыландыру орталығын қалыптастыру үшін жұмыс істеудеміз. Біз қазірдің өзінде екі банкті аштық, — деді Мемлекет басшысы.

— Жоғары мәртебелі, мен үшін және біздің банк үшін осындай жоғары награда алу ­­- үлкен құрмет. Бұл Қазақстанмен қарым-қатынасымызды тереңдетуге ұмтылуда біздің қызметкерлерімізге үлкен күш-жігер береді, — деді А.Әли.

— Ең алдымен, Ислам даму банкінің делегациясы атынан Президентке, Үкімет пен Қазақстан халқына жетінші Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумын өткізгені үшін шын жүректен алғысымды айтамын. Біз Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзінен және Президенттің көкейкесті тақырыптар бойынша айтқан құнды ұсыныстарынан әсер алдық. Мен осы форумда қабылданған шешімдер мен ұсыныстар, соның ішінде Қазақстан Президенті айтқан ұсыныстар Қазақстан мен ИКҰ-на мүше өзге елдердің арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге қызмет етеді деп сенемін. Сонымен бірге біз кездесу кезінде Астанада алдағы уақытта өтетін Ислам Конференциясы Ұйымының Сыртқы істер министрлерінің кездесуін талқыладық. Бұл да Қазақстан мен ИДБ-не мүше елдердің арасындағы қарым-қатынастарды кеңейте түсуге тағы бір мүмкіндік туғызады. Біз Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан мен ИДБ арасындағы экономикалық, сауда және инвестициялық өзара қарым-қатынастар нығаятынына сенеміз. Бұл форумға ИКҰ мен өзге елдердің кәсіпкерлері қатысуда. Олар қазақстандық әріптестерімен тығыз қарым-қатынастар орнататынына сенімдімін, — деді кездесуден кейін Ислам Даму Банкінің Президенті А.Әли.

Соңғы жаңалықтар