Елбасы ИКҰ Бас хатшысы Экмеледдин Ихсаноғлымен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы ИКҰ Бас хатшысы Экмеледдин Ихсаноғлымен кездесті

Елбасы ИКҰ Бас хатшысы Экмеледдин Ихсаноғлымен кездесті

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ислам Конференциясы Ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясы аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Президент ИКҰ Бас хатшысы Экмеледдин Ихсаноғлымен кездесті,

  • 28 Маусым 2011
  • 415
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту және нығайту мәселелерін, сондай-ақ ИКҰ СІМК 38-ші сессиясының күн тәртібін талқылады.

— Біз Президент мырзамен Ислам Конференциясы Ұйымының болашақ қызметін талқыладық. Биылғы жылы Қазақстан Ұйымның төрағасы болды. Біз жемісті өзара іс-қимылға сенім артамыз. Осы тарихи кездесуге дайындықтың жоғары деңгейі біздің қаншалықты табысты ынтымақтастықта екенімізді көрсетті. Енді бізде жаңа идеялар, жаңа жобалар, тіпті жаңа эмблема пайда болды. Біз қазір ИКҰ жанынан адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрылуы үшін жұмыс істеудеміз, және бұл Астанадағы кездесудің тағы бір негізгі жетістігінің бірі болмақ, — деді Э.Ихсаноғлы.

Соңғы жаңалықтар