Көрме 2003-2015-жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму стратегиясының бірінші кезеңін жүзеге асыруға бағытталған кешенді шараларды қорытындылау аясында ұйымдастырылып отыр.
Көрме шеңберінде ғарыш тақырыбына арналған стенд жұмыс істеуде. Онда «КазСат» жер серігі, сондай-ақ, «Қазақстан Республикасында ғарыштық қызметті дамыту туралы 2005-2007-жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарлама аясында жұмыс істеп жатқан «Қазғарыш» және «Бәйтерек» АҚ-ның іс қызметіне қатысты ақпараттар ілінген. Бағдарламаны жүзеге асыруға 44,4 млрд. теңге жұмсалмақшы.