Елбасы: Инновациялар - Қазақстан дамуының стратегиялық бағыты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы: Инновациялар - Қазақстан дамуының стратегиялық бағыты

Елбасы: Инновациялар - Қазақстан дамуының стратегиялық бағыты

Түрлі салаларға инновацияларды әзірлеу мен енгізу - мемлекет дамуының стратегиялық бағыты, делінген Елбасының Астанадағы

  • 12 Қараша 2015
  • 584
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан — жаңа жаһандық инновациялық хаб» Халықаралық инновациялық форумына арналған құттықтау сөзінде. 

Мемлекет басшысының құттықтау сөзін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов оқып берді. 
«Түрлі салаларға инновацияларды әзірлеу мен енгізу — мемлекет дамуының стратегиялық бағыты. Ол үшін барлық қажетті жағдайлар қалыптасып жатыр және инновациялық үдерісті қолдаудың қазіргі заманғы инфрақұрылымы құрылуда. Яғни бұл тұрғыда идеяларды қалыптастыраудан оны өндірісте қолдануға дейінгі шаралар қамтылып отыр. Инновациялық белсенділік, бизнес, ғылым және білім арасында қалыптасқан әрекеттестік —  экономиканың шикізаттан инновациялық түрге сәтті көшуінің кепілі», — деп атап өтілген ҚР Президенті сөзінде.

Елбасы құттықтауында бүгінгі форум саладағы ынтымақтастықты дамыту үшін тиімді алаң екені, сондай-ақ қоғамға алдыңғы қатарлы технологиялық бизнесті тарту бойынша бірегей мүмкіндік болатыны және елімізде инновацияны дамытуға жаңа серпін беретіндігі айтылған.


«Осы шараны өткізу Қазақстанды посткеңестік кеңістікте негізгі технологиялық хаб ретінде орнықтыруға ықпал ететініне сенімдімін. Форумның барлық қатысушыларына жемісті жұмыс, шығармашылық табыс тілеймін», — деді ҚР Президенті өз сөзінде. 
2
3
4

Соңғы жаңалықтар