Хабарламада атап көрсетілгеніндей, 7-маусым күні Астана уақытымен сағат 10 мен 12 арасында on-line интернет-конференция өтеді. Оның барысында мемлекет басшысы халықты ең көп қызықтырған сауалдарға жауап береді. Сонымен бірге интернет-конференция барысында Интернет тұтынушыларына өздеріне ұнаған сауал үшін дауыс беріп, ең жиі қойылатын 30 сұрақты анықтауға мүмкіндік беріледі.
Хабарламада атап көрсетілгеніндей, президентке қоятын сұрақты электронды үкіметтің сайты арқылы немесе akorda@e.gov.kz электронды пошта адресіне жолдауға болады. Сұрақтар 7-маусым күнгі сағат 12-ге дейін қабылданады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті