Жарияланды: 580

Елбасы кеше шетелдік журналистерге сұхбат берді

Астана. 19 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Ақордада Нұрсұлтан Назарбаев кеше Норвегияның NRK хабар тарату корпорациясының және "Моргенбладет" апталық газетінің журналистері Кристиан Къелструп пен Къетил Бьорганга сұхбат берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соңғы кездері Норвегия тарапынан Қазақстанға қызығушылықтың айрықша артқаны байқалып отыр. Оған жоғары деңгейдегі екі жақты байланыстардың жандануы, сондай-ақ биылғы мамыр айында Ослода өткен президенттің "Қазақстан жолы" кітабының ағылшын тіліндегі нұсқасының таныстырылымы ықпал етті. Сұхбат барысында Н.Назарбаев норвегиялық журналистерге Қазақстан мемлекеттілігін қалаудың бірегей тәжірибесі жөнінде, Астананың еліміз тәуелсіздігін нығайтудағы рөлі жайында әңгімеледі. Сонымен қатар, Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтары, еуразиялық сәйкестілік және басқа да көптеген мәселелер қозғалды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы ресейлік БАҚ өкілдеріне, атап айтқанда "Интерфакс" ақпарат агенттігіне, "Вести-24" телеарнасына және "Российская газетаға" сұхбат берді. Ресейлік журналистерді сауда, отын-энергетикасы, атом және ғарыш салаларындағы екіжақты қарым-қатынасты дамытудың перспективасы қызықтырды. Еліміздің ТМД мемлекеттерінің ішінде бірінші болып ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететінін назарға ала отырып, ресейлік журналистер Қазақстанның осы лауазымдағы өз өкілеттігін атқарудағы жоспарларына үлкен ықылас танытты. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін