"Елбасы халықаралық саяси феномен", - Мақсат Жақау - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Елбасы халықаралық саяси феномен", - Мақсат Жақау

"Елбасы халықаралық саяси феномен", - Мақсат Жақау

Кез-келген мемлекеттің экономикасының дамуы тек географиясы мен табиғи ерекшелігіне ғана байланысты емес.

  • 22 Шiлде 2021
  • 4693
Фото - Caravan.kz

Оған елдің даму бағытын айқындайтын тұлғаның әсері ерекше екендігі ақиқат. Осы ретте, Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегін айтып өту өте лайықты.

Елбасы Қазақ елін жоғары деңгей, әлемдік деңгейге жеткізді.

Белгілі саясаткер Мақсат Жақау әлеуметтік желідегі парақшаларының бірінде Елбасыны халықаралық саясаткерлік феномен екенін айтқан болатын.

“Елбасының халықаралық саясаткерлік феноменін болашақ зерттеушілердің тұлғатану тақырыптарында әлі талай күнтәртіптерінде қарастыратына шүбә келтірмейміз. Оның бүгінгі әлемдік саясаттағы бұқаралық немесе тұлғааралық қарым-қатынастарды жүргізу тәсілінде сыртқы саясаттың индивидуалдандыру құбылысына ерекше мән беретіндігін, оның жеке саясаткерлігінен халықаралық орнын айқын көруге болады. Оған нақты мысал, бүгінгі алып Қытай компартиясы ұйымдастырған Бүкіләлемдік саяси партиялары лидерлерінің Саммитінен байқаймыз.Әлемнің 160 елінен 500 астам партия көшбасшылары қатысқан келелі жиында, компартия төрағасы Ци Шинпиннің Алғы сөзінен кейін бірден әккі саясаткер, ұзақ жылдық тәжірибесі бар, Нұр-Отан биліктік партиясының төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына сөз кезегі берілді. Бұның өзі тек Елбасының тұлғалық қасиетінің арқасында мұқым елімізге деген көрсетілген үлкен құрметі деп қабылдау керек.Әйтпесе, Қытайдың сатилитіне айналған қаншама Африка елдері, оның бір ғана көңіліне күні түсіп отырған дамушы хәм дамыған елдер тұрғанда, өзінен кейін әлемдік бағыт-бағдарға жолсілтер тұшымды ойды, әлемдік сахнада Қазақ елінің жеткен халықаралық саясаттағы орнын қазықтай қағып көрсетіп, индустриалды бағдармен бәсекеге қабілетті отыз бесінші, экономикалық даму қарқынымен ТМД-да екінші орындағы Қазақстанның тәжірибесін, ұлтаралық бейбіт елдің мысалымен тағы да бір айтып кететін керемет саяси алаңда сөйлеуге мүмкіндігі көрінді.Әрине, Елбасының мұндай келелі жиындарды қалтқысыз жібермейтінін БАҚ арқылы бақылап отырамыз. Оның биылғы жылы Түркітілдес елдерінің құрметті ақсақалы, Еураазиялық экономикалық қауымдастығының құрметті төрағасы ретінде белсенді қатысуына куә болдық.Жалпы осы күндері Елбасының саяси тұлғалық әлемдік феномені — абыз саясаткер ретінде кешегі Ли Куан Ю, Мохаткир Моххамад, Лех Валенса, Реджеп Ердоған т.с.с. қайраткерлерден еш кем емес.Бүгінгі жиында да, Елбасы "Билік партиясы бола отырып, біз әуел бастан-ақ оның басым бағыттарын анықтап алдық: егер партияның жетістіктері халықтың әл-ауқатын арттыруға алып келмесе, оның ешбір құны жоқ" деуі, қоғамдағы халық алдындағы жауапкершілікті толық түсініп, ертеңгі қадамдарға сенімді қимылдайтын азаматтық мінездің, саяси жоспарлы ой иесі екендігін айқындап кетті”, — деді Мақсат Жақау.

Елбасы мен Елорда егіз ұғымға айналды

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев әлеуметтік желідегі парақшасында Елбасы мен Елорданың егіз ұғымға айналғанын хабарлаған болатын.

“Шын мәнінде, Нұр-Сұлтан қаласы – егемен еліміздің 30 жылда қол жеткізген ең басты жетістігі мен жеңістерінің бірегейі. Бүгінде елордамыз – Алаштың айбары мен айбыны, қазақтың бары мен бағы. Елбасымыз әсем астанамызды салу арқылы ата-бабамыздың асыл арманын ақиқатқа айналдырды. Бас қаламыз қысқа мерзім ішінде дүние жүзіне тәуелсіз Қазақстанның ірі саяси, экономикалық, іскерлік, ғылыми және мәдени орталығы ретінде танылып үлгерді. Астанамыздың әлемдік деңгейдегі мәселелерді талқылайтын алаң ретінде де орны бөлек. Расымен, елордамыз арқылы еліміздің абырой-беделі артып, елдігіміздің іргесі беки түсті. Тәуелсіз Қазақстанның алдағы мақсат-міндеттері де бас қаламызбен тікелей байланысты. Сондықтан астанамыздың өсіп-өркендеуі тұтас еліміздің дамуына серпін беретін басымдық деуге толық негіз бар. Нұр-Сұлтан шаһары талай жанның арманына қанат бітіріп, өмірден өз орнын табуына да даңғыл жол ашып берді. Қазіргі таңда Елбасы мен Елорда егіз ұғымға айналды. Сол себепті, Тұңғыш Президентіміздің туған күні мен қала күнін қатар атап өтудің символикалық мәні зор. Алдағы уақытта Елбасымыздың егемен елдің негізін қалау жолындағы ерен еңбегін қадірлеу және мемлекеттілікті одан әрі нығайтуға арналған стратегиялық бағдарын лайықты жалғастыру – баршамыздың абыройлы міндетіміз. Осы жолда барлық қазақстандық жұдырықтай жұмылса, әлі талай белестерді бағындыратынымыз анық”, — деді Мәулен Әшімов.


“Атамекен тарихи мәдени орталығының” ғылыми қызмектері – Нұрқожа Қадыр Caravan.kz медиа порталына берген сұхбатында Елбасының қасынан бір елі қалмай, жүре бергің келетінін айтқан болатын.

“Елбасыға бір қараған кезде, ол кісі саған қараса да, қарамаса да, адамды өзіне тартып алатын көзінде нұр бар екен. Көзіңнен таса қылғың келмей, ізінен, қасында жүргің келетіндей сезімде болдым. Ол сезім менде ғана болды ма десем, қасымдағы әріптестерімде де сондай сезім болған екен. Елбасының өзінің қасиеті сондай екен. Жүзі жылы, ашық, маңдайы жарқырап тұрады. Музейді аралап, содан кейін халықтың алдында сөйледі. Музейді туған жерінде ашқаны үшін Елбасы алғысын айтты”, — деді ғылыми қызметкер.

Елбасы өзінің “Қазақстан 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” атты Жолдауында: “Мен мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – Қазақстан 2050 стратегиясының түпқазығы етіп алдым. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап әлдеқайда қиын”, — деген  болатын. Сол себепті, ата-бабамыз сан ғасыр бойы аңсағат тәуелсіздігімізді баянды ету әрбіріміздің басты парызымыз.

Жалпы, Нұрсұлтан Әбішұлы – ел тірегі, ұлт мақтанышы. Түркі әлемінің ең танымал тұлғасы да Елбасы. Сондықтан да Елбасымызбен мақтанғанымыз – елдігімізбен мақтанғанымыз.

Елбасыға деген ерекше ілтипаттың, құрметтің белгісі, ел бірлігінің жарқын көрінісі екені баршаға мәлім әрі айқын.