Елбасы: халықаралық стандарттар деңгейінде медициналық көмек көрсету - мемлекеттік саясаттың маңызды басымдығы - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы: халықаралық стандарттар деңгейінде медициналық көмек көрсету - мемлекеттік саясаттың маңызды басымдығы

Елбасы: халықаралық стандарттар деңгейінде медициналық көмек көрсету - мемлекеттік саясаттың маңызды басымдығы

Қазақстанда халықтың денсаулығын сақтау, халықаралық стандарттар деңгейінде медициналық көмек көрсету - мемлекеттік саясаттың маңызды басымдығы болып табылады.

  • 30 Мамыр 2011
  • 497
Фото - Caravan.kz

Бүгін Астанада басталған Дүниежүзі нейрохирургиялық қоғамдар федерациясының халықаралық конференциясына қатысушыларына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдаған құттықтауында осылай айтылған. Құттықтау хаттың мәтінін ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова оқып берді.

«Сіздердің жоғары деңгейдегі форумдарыңыз Орталық Азия өңірінде алғаш рет өткізілуде және Қазақстан біздің еліміздегі бұл оқиғаға аса зор маңыз береді. Қазақстанда жаңа ғылыми медициналық орталықтардың ашылуымен денсаулық сақтау саласындағы кең ауқымды халықаралық ынтымақтастықтың, қол жеткізілген жетістіктер мен озық технологияларды алмасудың маңыздылығы ұлғаю түсуде», — делінген Елбасы құттықтауында.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының құттықтауында Қазақстанда халықтың денсаулығын сақтау, халықаралық стандарттар деңгейінде медициналық көмек көрсету — мемлекеттік саясаттың маңызды басымдығы болып табылатындығын баса айтылған.

Айта кетейік, 1 маусымға дейін жалғасатын алқалы жиынға Ресей, Украина, Қытай, Беларусь, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Иран, Ауғанстан сынды елдерден 200-ге жуық тыңдаушы қатысуда. Оларға бірқатар шет елдердің белгілі ғалымдары дәріс оқиды. Олардың қатарында Н.Бурденко атындағы Нейрохирургия ғылыми-зерттеу институтының директоры, Ресей МҒА академигі Александр Коновалов, Дүниежүзілік нейрохирургиялық қоғамдар федерациясының президенті Питер Блэк бар.

Соңғы жаңалықтар