Елбасы Хорватияға сапармен барады - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Хорватияға  сапармен барады

Елбасы Хорватияға сапармен барады

АСТАНА. 10-шілде. Kazakhstan Today. Ертең 11-шілдеде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Хорватияға ресми сапармен барады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

  • 11 Шiлде 2006
  • 353
Фото - Caravan.kz

Сапар бағдарламасына сәйкес Нұрсұлтан Назарбаев пен Хорватия президенті Стьепан Месич шағын және кеңейтілген құраммен кездесу өткізеді. Қазақстан жағынан келіссөздерге сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев, премьер-министрдің орынбасары – экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Кәрім Мәсімов, ҚР президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Марат Тәжин, индустрия және сауда министрі Владимир Школьник, көлік және коммуникациялар министрі Асқар Мамин, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ президенті Ұзақбай Қарабалин қатысады.

Кездесу қорытындысында екі елдің үкіметтері жолаушылар мен жүктердің халықаралық автомобиль тасымалы туралы келісімге, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі туралы бірлескен мәлімдемеге қол қояды деп күтіліп отыр.

Елбасы сапары барысында ол Хорватия премьер-министрі Иво Санадермен кездеседі.

ҚР СІМ ақпаратына қарағанда, бұл — мемлекет басшысының Хорватия еліне екінші сапары. Алғаш рет ол Хорватияда 2001 жылғ

Перейти к новостям спорта