Елбасы Хромтау-Алтынсарино темір жол тармағының ашылу рәсіміне қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Хромтау-Алтынсарино темір жол тармағының ашылу рәсіміне қатысады

Елбасы Хромтау-Алтынсарино темір жол тармағының ашылу рәсіміне қатысады

Бүгін, 30-қарашада Астана уақытымен түскі сағат 12-де Хромтау-Алтынсарино бағытындағы жаңа темір жол тармағының салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Шараға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 30 Қараша 2004
  • 475
Фото - Caravan.kz

ҚР көлік және коммуникация министрлігінен таратқан баспасөз баянында атап көрсетілгеніндей, «жаңа жол тармағын ашу еліміздің орталық және солтүстік аймақтарын батыс өңірлермен жалғастыратын жүк тасымалы жолдарының ұзындығын 2 мың шақырымға қысқартады. Нәтижесінде жүк бағасына қамтылатын тасымал құны біршама азаяды».

Сондай-ақ, «жаңа жол тармағы Ақтау теңіз айлағы арқылы халықаралық бағытта астық, мұнай, металл және басқа да жүк түрлерін экспортқа тасымалдау қашықтығын анағұрлым қысқартады. Айлақтан комбинациялы көлік дәліздері арқылы Азия, Кавказ елдері, Шығыс және Орталық Еуропаға жол ашылады». «Жаңа жол тармағы пайдалы қазба кеніштерін жедел игеруге алғышарттар қалыптастырумен бірге Қостанай және Ақтөбе облыстарының шаруашылық бағытын өзгертуге жағдай жасайды».
Көлік және коммуникация министрлігінің ақпаратына сәйкес, желіні тартып бітірудің нормативтік мерзімі 53 айға тең. Дегенмен, құрылыс жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастыру нәтижесінде отарбалар қозғалысы белгіленген мерзімнен екі жыл бұрын басталғалы отыр. Алдын-ала есеп бойынша, жаңа желіні уақытынан бұрын пайдалануға беру нәтижесінде 160 млн. доллардың пайдасы түседі.
Хромтау-Алтынсарино бағытындағы жаңа темір жол тармағын тарту барысында мердігерлер 403,9 шақырым магистралдық темір жол салып, 11 көпір тұрғызып, 154 су құбырын құрастырды. Желіні бойлай қажетті инфрақұрылымы бар 13 жаңа бекет салынды. Атқарылған құрылыс-монтаж жұмыстарының жалпы құны 29 млрд. 451 млн. теңгені құрады.
Жаңа жол тармағын пайдаланушы және жайластырушы қызметкерлер саны 950 адамды құрайды, делінген баспасөз баянында.

Перейти к новостям спорта