Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияға түзетулер енгізу туралы заңға қол қойды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды", — деп хабарланды Ақорданың Twitter желісіндегі парақшасында. Еске сала кетейік, 6 наурызда Парламент Қазақстан Конституциясына түзетулерді қабылдаған болатын. Біріккен комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, Президент ұсынған заң жобасында Конституцияның 19 бабына 26 түзету қарастырылған