Жарияланды: 740

Елбасы КСРО халық әртісі Василий Лановойды 70 жасқа толуымен құттықтады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев КСРО халық әртісі Василий Лановойды 70 жасқа толуымен құттықтады,- деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.

"Сіздің бірегей шығармашылық өмірбаяныңызды киелі өнерге риясыз қызмет етудің тамаша өнегелік үлгісі деуге болады. Жарқ етіп бірден көзге түскен дарынды әртіс, ыждағатты әрі данышпан педагог ретінде Сіз көрермендеріңізге, тәлімгерлеріңіз бен өз халқыңызға арнап толайым талантыңыз бен бар болмасыңызды сарп еттіңіз",- делінген құттықтау хатта. Н.Назарбаев бұдан әрі өз жолдауында: "Сіздің түгесілмес шығармашылық дарыныңыз екі ел халқының рухани-адамгершілік құндылықтарын сақтап қалуға, Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени ынтымақтастық аясын кеңейте дамытуға септігін тигізеді дегенге сенімім зор",- деп атап көрсетті. Мемлекет басшысы сондай-ақ, В.Лановойға өмірі мен шығармашылығына ұзақ ғұмыр тіледі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін