«Мен бүгін KUATқұрылыс компаниясы салған ықшам ауданын қарап шықтым. Үлескерлер зардап шекті. (KUAT компаниясының — ҚазТАГ) үлескерлері пәтерлерін алып, Астана жыл соңына дейін үлескерлерді толығымен баспанамен қамтамасыз етеді», — деді Н.Назарбаев дүйсенбі күні BI Vilage тұрғын үй массивін аралаған соң.
«Өз пәтерлері үшін ақшасын толығымен төлемегендер, төлеуге тиіс, төлегендер пәтер алуға тиіс. Мемлекет тағы да көмек қолын созды, енді болашақта осындай қармаққа ілінбеу үшін мұқият болу керек», — деді мемлекет басшысы.