Елбасы Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталықтың жұмысымен танысады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталықтың жұмысымен танысады

Елбасы Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталықтың жұмысымен танысады

Шығыс Қазақстан облысына жасайтын жұмыс сапары аясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұрынғы Семей ядролық полигонының аумағында орналасқан Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталықтың жұмысымен танысады. Бұл туралы бүгін, 8-тамызда ҚР президентінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 8 Тамыз 2003
  • 594
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Н.Назарбаевтың Шығыс Қазақстан облысына жасайтын сапары 12-13-тамызға белгіленген. 12-тамызда мемлекет басшысы Семейде болып, сондағы қалалық аквасаябақтың ашылуына қатысады. Бұдан соң Елбасы «Семей су» АҚ-ның бөтелке өндірісінің жұмыс барысымен танысады.

Ал Өскемен қаласында Н.Назарбаев Шығыс Қазақстан облыстық кәсіпорын басшыларымен кеңес өткізіп, Daniel супермаркетін аралайды. 13-тамыз күні таңертеңгісін президент Үлбі өзені арқылы өтетін жаңа көпірдің ашылу салтанатына қатысып, сүт және тәтті өнімдерін өндірумен айналысатын «Емел» ЖШС-ін аралайды деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар