Елбасы лаңкестік пен экстремизмнен сенімді қорғаныс жүйесін құру ісінде дін жетекшілері айрықша роль атқарады деп санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы лаңкестік пен экстремизмнен сенімді қорғаныс жүйесін құру ісінде дін жетекшілері  айрықша роль атқарады деп санайды

Елбасы лаңкестік пен экстремизмнен сенімді қорғаныс жүйесін құру ісінде дін жетекшілері айрықша роль атқарады деп санайды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев лаңкестік пен экстремизмнен сенімді қорғаныс жүйесін құру ісінде дін жетекшілерінің ролі айрықша деп санайды. Бұл туралы мемлекет басшысы бүгін, 18-қазанда діни орталықтардың жетекшілері мен "Төзімділік арқылы рухани келісімге" атты халықаралық конференцияға қатысушылармен кездесуде мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Қазан 2005
  • 747
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі әлемді түрлі шиеленістер жайлағаны және олардың басым бөлігі діни факторды пайдалану талпыныстарымен тығыз байланысты екені белгілі»,- деді Н.Назарбаев. «Дегенмен, қазір де, болашақта да дінаралық қақтығыстардан қашып құтыламыз деуге келмейді. Лаңкестік пен экстремизм шекараны да, адам өмірінің құндылығын да талғап жатпайды»,- деді мемлекет басшысы.

Осыған байланысты «лаңкестік пен экстремизмнен сенімді қорғаныс жүйесін құрудың маңызы зор», деді президент. Н.Назарбаевтың айтуынша, мемлекеттік мекемелер ел ішінде осындай жүйе құруға қажетті барлық шараларды қолданатын болады. «Бұл тек мемлекеттік мекемелер мен азаматтық қоғам институттарының ғана емес, жалпыға ортақ стратегиялық мақсат. Бұл істе сіздер, дін жетекшілері айрықша маңызды роль атқаруға тиіссіздер»,- деді президент. «Тек сіздердің тікелей қатысуларыңыз нәтижесінде қоғам жалған діни сипаттағы доктринаны бетперде етіп ұстанатын зорлық-зомбылық әрекеттерінің түпкі болмысын аша алады»,- деді Н.Назарбаев.
Қазір Қазақстанда 40 конфессияға жататын 3 мыңнан астам діни бірлестіктер жұмыс істейді.

Перейти к новостям спорта