Елбасы Мария Мудряктың концертін тамашалады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Мария Мудряктың концертін тамашалады

Елбасы Мария Мудряктың концертін тамашалады

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрына барды. Елбасы опера әншісімен әңгімелесіп, оған шығармашылық табыс тіледі.

  • 28 Қараша 2021
  • 17
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Казахстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Елбасы "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрына барып, белгілі опера әншісі Мария Мудряктың "Саған арнаймын, менің Қазақстаным!" атты жеке концертін тамашалады.

Әнші "Болашақ" бағдарламасы бойынша Миландағы Жоғары музыкалық академияда білім алған, сондай-ақ Дж.Верди атындағы Мемлекеттік консерваторияны табысты бітірген. Көптеген халықаралық музыкалық конкурстың лауреаты. Әлемге әйгілі театр сахналарында өнер көрсетіп, жұртшылыққа танылған Мария Мудряк аз ғана уақыт ішінде сұранысқа ие опера әншілерінің біріне айналды.

Концерт Қазақстанның тұңғыш президенті күніне және ел Тәуелсіздігінің отыз жылдығына арналды. Мерекелік бағдарламаға сондай-ақ баритон Владимир Стоянов (Болгария) және "Астана Опера" театрының симфониялық оркестрі қатысты. Дирижері – Альвизе Казеллати (Италия).

Концерттен кейін Нұрсұлтан Назарбаев М.Мудрякпен әңгімелесті. Әнші өзінің шығармашылық жоспарымен бөлісті. Қазақстанда тағы бірнеше концерт өткізуді жоспарлап отырғанын, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерінде дүниежүзілік ЭКСПО көрмесінің қонақтарына арнап өнер көрсететінін айтты.


Қазақстанның тұңғыш президенті опера әншісінің жоғары кәсіпқой өнерпаз екенін атап өтіп, оған шығармашылық табыс тіледі.

Соңғы жаңалықтар