Елбасы мәртебелі қонақтармен бірге ұйымның 10 жылдығына арналған мерекелік концертті тамашалады
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Қазақстан астанасына келген мәртебелі қонақтармен бірге, |
«Қазақстан» орталық концерт залында өткен, ШЫҰ-ның 10 жылдығына арналған мерекелік концертті тамашалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мемлекет басшысымен бірге көрермендер залынан Ресей Президенті Дмитрий Медведев, ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтао, Өзбекстан Президенті Ислам Каримов, Қырғызстан Президенті Роза Отынбаева, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Ауғанстан Президенті Хамид Карзай, Пәкістан Президенті Асиф Әли Зардари, сондай-ақ ШЫҰ-ның саммитіне қатысу үшін келген ресми делегациялардың мүшелері орын алды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін