Елбасы мемлекетке мұнай жобаларынан үлес сатып алуға басым құқық беретін заңға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы мемлекетке мұнай жобаларынан үлес сатып алуға басым құқық беретін заңға қол қойды

Елбасы мемлекетке мұнай жобаларынан үлес сатып алуға басым құқық беретін заңға қол қойды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "ҚР кейбір заң актілеріне республикада жер қойнауын пайдалану және мұнай операцияларын жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 2 Желтоқсан 2004
  • 499
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 5-қарашада өткен жалпы отырыста сенат аталмыш заңның жобасы бойынша парламент мәжілісі мен сенаты арасындағы келіспеушіліктерді еңсеру жөніндегі келісім комиссиясының шешімін мақұлдаған.

Келісім комиссиясы сенаттан келіп түскен келесім-шарт бойынша жер қойнауын пайдаланған және жобадағы өз үлесін сатуға шешім қабылдаған инвесторлардан үлесін сатып алуда мемлекетке басым құқық беру туралы ұсынысты қараған.
Сондай-ақ бұл заң жобасында «ҚазМұнайГаз» ҰК-ына мұнайгаз операцияларын жүзеге асырушы мердігерлермен шарт жасасқанда ҚР заңнамаларында белгіленген тәртіпке сәйкес жобадан міндетті түрде үлес иемдену арқылы мемлекет мүддесін қорғауға мүмкіндік беру қарастырылған. Заң жобасындағы бірқатар нормалар минералды шикізатты алғашқы сатылы өңдеу және өндіруде пайдалы қазбаның нормативтен тысқары шығынға ұшырауының алдын алуға, сондай-ақ, кеніш бойынша тау-кен-геологиялық және тау-кен-техникалық тұрғыда сапалық орташа емес, артықша жағдайдағы учаскелерді алдымен игеруге жол бермеуге бағытталады.

Перейти к новостям спорта