Елбасы мен Монако Князі II Альбер «Грейс Келли - Монако Ханшайымының дәуірі» атты көрменің ашылу салтанатына қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы мен Монако Князі II Альбер «Грейс Келли - Монако Ханшайымының дәуірі» атты көрменің ашылу салтанатына қатысты

Елбасы мен Монако Князі II Альбер «Грейс Келли - Монако Ханшайымының дәуірі» атты көрменің ашылу салтанатына қатысты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Монако Князі II Альбер «Грейс Келли - Монако Ханшайымының дәуірі» атты көрменің ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

  • 3 Қараша 2012
  • 343
Фото - Caravan.kz

«Грейс Келли — Монако Ханшайымының дәуірі» атты көрме Монако князі III Реньенің зайыбы және танымал голливуд актрисасы Грейс Келлидің жеке өміріне арналған.

Бұл бірегей жоба 2008 жылы шілдеде Монакодағы Гримальди Форумының көрме залына оның баласы, Монако Князі II Альбердің бастамасы бойынша қойылған.

Әлемдік турне аясындағы көрме Париж, Мәскеу, Амстердам, Токио, Рим, Сан-Паулу, Нью-Йорк тәрізді әлемнің ірі қалаларында зор табыспен өтті.

Көрмеде княгиня өмірінің кейбір сәттері — Филадельфияда өткен балалық шағы, Голливудтағы салтанатты сәттер, Князьбен кездесуі, ана атанған және Монако символы болған жылдар көрініс тапқан.

Экспозиция арасында жеке заттары, фотосуреттері, княгиняның әшекейлері, балалар ойыншықтары, оның Князь Реньемен, түрлі король отбасы мүшелерімен, А.Хичкокпен, Б.Кросбимен, К.Грантпен, Ж.Кеннедимен, М.Ростроповичпен, Р.Нуриевпен және М.Шагаломен жазбаларынан құжаттар, сондай-ақ Грейс Келлидің кейбір үй киножазбалары да бар.

Соңғы жаңалықтар