Кездесу барысында мемлекет басшысының 15-қарашадағы қаржыгерлердің конгресінде айтқан тапсырмаларының орындалу барысы әңгіме болды. Қазіргі уақытта Үкімет құнды қағаздар рыногын дамытуға бағытталған бағдарламалар әзірлеуде деп мәлімдеді Д.Ахметов.
Кездесу барысында сондай-ақ, зейнетақы жинақтау жүйесін, тұрғын үй бағдарламасын, инновациялық жүйелер мен шағын және орта бизнес саласын одан әрі дамыту, сондай-ақ, Алматыда қаржылық орталық ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Премьер-министрдің айтуынша, Сингапур мен Малайзияда осындай қаржы орталықтарын құруға қатысқан тәжірибелі ірі консалтингілік компанияларды тарта отырып, қазіргі уақытта жобаның техникалық-экономикалық сараптамасы дайындалуда.