Жарияланды: 550

Елбасы Моңғолияның жоғарғы мемлекеттік наградасы "Эрдэнэ Очир" орденімен марапатталды

Астана.6 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Моңғолияның жоғарғы мемлекеттік наградасы "Эрдэнэ Очир" орденімен марапатталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Моңғолияға жасаған мемлекеттік сапары кезінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы елдің жоғарғы мемлекеттік наградасы "Эрдэнэ Очир" орденімен марапатталды. Қазақстан басшысына бұл орденді Ұланбатарды Моңғолия президенті Намбарын Энхбаяр табыс етті. "Елбасына бұл орден Қазақстан мен Моңғолия арасындағы саяси, экономикалық, мәдени және достық байланыстарды дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін беріліп отыр",- деді Монғолия президенті. Сапар аясында Н. Назарбаев пен Монғолия президенті Намбарын Энхбаяр екі елдің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқыға салды, деп көрсетілген хабарламада. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть