Кездесуден кейін журналистерге арналған қысқаша баспасөз мәслихатында Д.Резерфорд еліміз экономикасының ауыз толтырып айтарлықтай табыстарын атап өтіп, «жоғары экономикалық даму қарқыны Қазақстанның рейтингін көтеруге негіз болғанын» еске сала кетті. Мәселен, шетел валютасымен шығарылған облигацияларға қатысты рейтинг ВА2 деңгейінен ВАА3 деңгейіне дейін, ал шетел валютасындағы депозиттер рейтингі ВА1, үкіметтің шетел валютасымен алған ұзақ мерзімді қарыздарының рейтингі ВАА1 деңгейіне дейін көтерілді. «Барлық рейтинг түрлерінің болжамы тұрақты»,- деді Д.Резерфорд.
Сондай-ақ, Moodys корпорациясының басшысы республика экономикасының алдағы дамуы «Қазақстанның рейтингін жалпы көтеруге қосымша мүмкіндіктер береді» дегенге сенім білдірді.