Кездесу барысында тараптар бірқатар құжаттарды бекітті. Олардың басында Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамыту туралы бірлескен декларация бар. Аталмыш құжат екіжақты ынтымақтастықты жоғары деңгейге шығаруды көздейді. Сондай-ақ бүгін Қазақстан мен Қытай Үкіметі арасында қоршаған ортаны қорғау және валюта айырбастау салалары бойынша да келісім жасалды. Соңғысы қытайлық юаньның біздегі, ал теңгенің Қытайдағы валюта айырбастау пунктерінде емін-еркін қолданыста болуына мүмкіндік береді. Қытай басшысының сапары Қазақстанда әлі жалғаспақ. Ху Цзиньтао мырза 15 маусымда Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысады.