Елбасы Н. Назарбаев пен ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао бірқатар құжаттарды бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Н. Назарбаев пен ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао бірқатар құжаттарды бекітті

Елбасы Н. Назарбаев пен ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао бірқатар құжаттарды бекітті

Астанаға мемлекеттік сапармен Қытай Халық Республикасының төрағасы Ху Цзиньтао келді. Мәртебелі мейманды Ақордада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қабылдады.

  • 14 Маусым 2011
  • 423
Фото - Caravan.kz


Кездесу барысында тараптар бірқатар құжаттарды бекітті. Олардың басында Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамыту туралы бірлескен декларация бар. Аталмыш  құжат екіжақты ынтымақтастықты жоғары деңгейге шығаруды  көздейді. Сондай-ақ бүгін Қазақстан мен Қытай Үкіметі арасында қоршаған ортаны қорғау  және валюта айырбастау салалары бойынша да келісім жасалды. Соңғысы қытайлық юаньның біздегі, ал теңгенің Қытайдағы валюта айырбастау пунктерінде емін-еркін қолданыста болуына мүмкіндік береді. Қытай басшысының сапары Қазақстанда әлі жалғаспақ. Ху Цзиньтао мырза  15   маусымда Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысады.  

Соңғы жаңалықтар