Елбасы Н. Назарбаевтың кітабының тұсауы кесілді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Н. Назарбаевтың кітабының тұсауы кесілді

Елбасы Н. Назарбаевтың кітабының тұсауы кесілді

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан ASTANA MINING & METALLURGY атты 2-ші халықаралық тау-кен металлургия конгресі аясында Елбасы Н. Назарбаевтың «ХХІ ғасырдағы орнықты дамудың жаһандық энергоэкологиялық стратегиясы» атты кітабының таныстырылымы болып өтті.

  • 4 Шiлде 2011
  • 446
Фото - Caravan.kz

Бұл кезекті туынды автор Н. Назарбаевтың бұған дейінгі еңбектерінің шынайы жалғасы болып табылады әрі 2012 жылы өтуі жоспарланған «РИО-20» Орнықты даму жөніндегі Бүкілдүниежүзілік саммитке бағытталған өзіндік жолдау іспеттес.

Монографияда жаһандық энергетикалық дамуды қалыптастыру әдістерін пайдалану арқылы ХХІ ғасырдағы энергоэкологиялық орнықты даму стратегиясының негіздері ұсынылады. Бұл ретте автор Н. Назарбаев әлемдегі энергетикалық‑экологиялық жағдайды, оның ХХІ ғасырдағы өзгерістерін сараптай келе, ғаламдық энергетикалық‑экологиялық стратегияны жүзеге асыру жолдарын ұсынады. Бұл әдістер нақты схемалармен және Қазақстан мен басқа да ЕурАзЭҚ елдерінің энергетикалық‑экологиялық даму алгоритмдерімен суреттеледі.

Жалпы, Елбасы кітабы бүгінгі күннің өзінде олардың шешімдері ғаламдық өркениет келешегіне тығыз байланысты болып табылатын ғалымдарға, саясаткерлерге, білім саласының өкілдеріне, мемлекеттік және муниципалды басқарушыларға, қоғам қайраткерлері мен бизнес өкілдеріне қызықты әрі аса пайдалы болатындығын айтады, мамандар. «Кітап мазмұны жағынан академиялық сипатта жазылған. Ол кең ауқымды оқырманға қолжетімді әрі жатық тілімен, түсініктілігімен ерекшеленеді. Өзіне ғана тән президенттік стильдің қайталанбас шеберлігімен өрнектеледі. Мәтінінің байлығы тек қана экономистер мен ғалымдарға ғана емес, туындыны қатардағы оқырманға да аса түсінікті етеді. Бұл кітапты университеттерде, жоғары оқу орындарында, оның ішінде экономикалық, экологиялық факультеттерде ғана емес, әртүрлі бағыттарда да оқытуға болатын құрал ретінде пайдалануға болады. Өйткені, кітап жаһандық проблеманы қозғап отыр», ‑ деді тұсаукесер барысында сөз сөйлеген ҚР Парламенті Сенатының депутаты Анатолий Башмаков.

Соңғы жаңалықтар