Елбасы: Наджиб Разақ мырзаның бұл сапары екіжақты ынтымақтастыққа тың серпіліс беретініне кәміл сенімдімін - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы: Наджиб Разақ мырзаның бұл сапары екіжақты ынтымақтастыққа тың серпіліс беретініне кәміл сенімдімін

Елбасы: Наджиб Разақ мырзаның бұл сапары екіжақты ынтымақтастыққа тың серпіліс беретініне кәміл сенімдімін

Малайзия Қазақстанның Оңтүстік Азиядағы және мұсылман әлеміндегі ең сенімді серіктестерінің бірі. Бұл туралы бүгін Ақордада Малайзияның Премьер-Министрі Наджиб Туен Абдул Разақпен екіжақты кездесуден кейінгі брифингте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

  • 6 Маусым 2011
  • 565
Фото - Caravan.kz

«Малайзия мемлекеті Қазақстанның Оңтүстік Азиядағы және мұсылман әлеміндегі ең сенімді серіктестерінің бірі болып табылады»,-деді Мемлекет басшысы.

Президенттің атап өтуінше, екі елдің мемлекет құрудағы тәжірибелері, көпұлттылығы, экономикасының дамуының біркелкілігі жағынан өте ұқсас болып келеді. «Сондықтан тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік бар»,-деді Н. Назарбаев.

Саяси экономикалық дамуда зор табыстарға жеткен Малайзия Азия жолбарысы ретінде өзге елдерге үлгі болып отырғандығын баса айтқан Елбасы: «Қазақстан да тәуелсіздігінің 20 жылдығы ішінде экономикасы дамыған дүниежүзіне белгілі мемлекет болды. Біз бұл ретте өздеріңіз білетіндей, Малайзияның реформаларына сүйеніп, тәжірибе алдық. Мен, мәртебелі Наджиб Разақ мырзаның бұл сапары екіжақты ынтымақтастыққа тың серпіліс беретініне кәміл сенімдімін»,-деді.

Қазақстан мен Малайзия өзінің дамуында елеулі белестерді өткерді, деді бүгін Ақордада Малайзия Премьер-Министрі Наджиб Туен Абдул Разақпен болған келіссөзден кейінгі брифингте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

«Малайзия Ислам конференциясы ұйымын құруда үлкен рөл атқарды. Осы ұйымға төрағалыққа енді біз кірісеміз. Бұл ұйымды басқаруда Малайзия тәжірибесі біз үшін өте маңызды»,-деді Мемлекет басшысы.

Елбасы келіссөздер барасында 7-ші Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумы, сондай-ақ Астанада осы айдың соңында өтетін Сыртқы істер министрлері кеңесіне қатысты мәселелер талқыланғанын айтып өтті. «Қазақстан мен Малайзия өзінің дамуында елеулі белестерді өткерді. Атап айтқанда, әлемдік қаржы дағдарысынан да сәтті өттік»,-деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар