Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті мемлекет қайраткері Петр Нефедовтің өмірден озғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады.
«Қарапайым кеншіден бастап, еліміздің өнеркәсіптік өңірі – Қарағанды облысының басшысы қызметіне дейінгі еңбек жолында ол еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосты.
Ол әрдайым өндірістегі бай тәжірибесімен және білімімен, жоғары кәсібилігімен әрі ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленетін.
Петр Петрович Нефедовтің жарқын бейнесі біздің жүрегімізде сақталады», – делінген жеделхатта.
Мемлекет қайраткері, Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Петр Нефедов 80 жасында өмірден өтті.