Елбасы несиелік ресурстардың қымбаттығына байланысты мәселені бір айдың ішінде шешу туралы үкіметке тапсырма берді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы несиелік ресурстардың қымбаттығына байланысты мәселені бір айдың ішінде шешу туралы үкіметке тапсырма берді

Елбасы несиелік ресурстардың қымбаттығына байланысты мәселені бір айдың ішінде шешу туралы үкіметке тапсырма берді

"Бірнеше мәрте берілген тапсырмаларға қарамастан, несиелік ресурстардың қымбаттығына байланысты мәселені Ұлттық банк те, үкімет те шеше алмады". Бұл туралы бүгін, 31-қазанда Астанада Қазақстан кәсіпкерлерінің 11-форумында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.

  • 31 Қазан 2003
  • 581
Фото - Caravan.kz

Форумға қатысушы банкирлерге Елбасы: «инфляция көрсеткіші 6 процент екеніне қарамастан несиелер неге 20-22 проценттік өсіммен беріледі ?»,- деген сауал тастады. «Сонда біз қаржы секторына не себепті барлық артықшылықты бердік ?»,- деп Елбасы сауалды төтесінен қойды.

Н.Назарбаевтың айтуынша, елімізде «банк рэкеті » жұмыс істейтіндіктен бұл мәселені прокуратура өз бақылауына алуы тиіс.
Сондай-ақ, Елбасы несиелік ресурстардың қымбаттығына байланысты мәселені бір айдың ішінде шешу туралы үкіметке тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар