Елбасы Н.Назарбаев XV Петербор халықаралық экономикалық форумына қатысу үшін Санкт-Петербор қаласына аттанып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Н.Назарбаев XV Петербор халықаралық экономикалық форумына қатысу үшін Санкт-Петербор қаласына аттанып кетті

Елбасы Н.Назарбаев XV Петербор халықаралық экономикалық форумына қатысу үшін Санкт-Петербор қаласына аттанып кетті

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев XV Петербор халықаралық экономикалық форумының жұмысына қатысу үшін бүгін Астана әуежайынан Санкт-Петербор қаласына аттанып кетті.

  • 17 Маусым 2011
  • 507
Фото - Caravan.kz

Санкт-Петербордағы форум кеше, 16 маусым күні басталған болатын және ертең, 18 маусым күні аяқталады. Ресей Федерациясы Президентінің қамқорлығымен өтіп жатқан бұл іс-шараға әлемнің түпкір-түпкірінен 4 000-нан астам саяси және іскер топ өкілдері, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, БАҚ жетекшілері келіп, әлемдік қауымдастық алдында тұрған ең өзекті мәселелерді талқылайды. Форум жаһандық даму мәселелеріне жаңа көзқарастар білдіру мен оларды талқыға салуға арналған маңызды алаңға айналады.

Осы жылы форумға дамыған экономикасы бар, әлемдік даму мен қайта жаңғыртуда өзіндік орны айқындалып келе жатқан елдердің көптеген өкілдері қатысады деп күтіліп отыр. Форум бағдарламасына жаңа форматтағы сессиялар қосылып, жаңа технологиялық шешімдер тартылған, бұл қатысушылардың өзара іс-қимылын жақсартып, белсенді пікірталас және тиімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар