Сапар аясында Германиядағы Қазақстан экономикасының күндігін ұйымдастыру көзделіп отыр. Күндік шеңберінде «Қазақстан сіздің сауда және инвестициялық әріптесіңіз » тақырыбында бизнес-форум өткізіледі. Шараға екі елдің түрлі министрліктері мен мекемелерінің, Қазақстан мен Германияның іскерлік әлемінің өкілдері қатысады. Форум бағдарламасында сондай-ақ, бірқатар екі жақты кездесулер қарастырылған.