Елбасы бұл сенімді Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастық алдындағы алар орны ретінде бағалап, бұл -Қазақстанды өркениеттер мен діндер арасында тұрақты диалог өткізіп тұратын мемлекет ретінде қабылдау деп түсінетінін атап көрсетті.
Құрылтайды ашып сөз сөйлеген Елбасы : «көне қазақ жері сіздерді діндер арасындағы диалогқа атсалысуға шақыру мәртебесіне ие болды»,- деді. Елбасы өз сөзінде осынау шақыруды ризашылықпен қабыл алып, алқалы жиынға қатысу үшін келген дін өкілдеріне, барлық діни конфессиялардың делегация басшыларына алғысын айтты.
Құрылтай жұмысы одан әрі жалғасуда.