Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 3-ші министрлер кездесуіне қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 3-ші министрлер кездесуіне қатысады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 3-ші министрлер кездесуіне қатысады

Астана. 18 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 25 тамызда Алматыда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Марат Тәжиннің төрағалығымен өтетін Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 3-ші министрлер кездесуіне қатысады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

  • 18 Тамыз 2008
  • 597
Фото - Caravan.kz

Министрлер кездесуінің алдында жаңа мүше-мемлекеттерді, атап айтқанда — Иордания Хашимиттік Корольдігі, Біріккен Араб Әмірліктері және Қатар Мемлекетін Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесіне қабылдау рәсімі өткізіледі.

Кездесуге Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше 21 мемлекет, 6 бақылаушы-ел және 3 бақылаушы-ұйымы (БҰҰ, ЕҚЫҰ, Араб мемлекеттері лигасы), бір қонақ ел — (Бангладеш) және 3 қонақ-ұйым (Халақаралық көші-қон ұйымы, ЕурАзЭҚ, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы) қатысады.

Күн тәртібіне сәйкес, министрлер кездесуінің барысында Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің хатшылығы және оның дербес құқықтық қабілеттілігі, артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенция, сонымен бірге «Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің сенім шараларын іске асыруындағы ілгерілемесі» атты декларация және кездесудің шешімдері деген қорытынды құжаттар қабылданады.

Кездесу аясында 2007 жылы қабылданған «Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің сенім шараларын жүзеге асырудағы бірлескен ұстаным» атты құжаттың іс жүзіндегі ахуалын талқылауға басты назар аударылады.

Бұдан басқа мүше-мемлекеттер, 2006 жылғы 17 маусымдағы Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің хатшылығы туралы келісімге толықтыру енгізу туралы хаттамаға қол қоймақ. Аталған құжаттың мазмұны хатшылықтың Қазақстанда тіркелген дипломатиялық миссиялар және халықаралық ұйымдармен жұмыс атқаруға қолайлы болуын қамтамасыз ету мақсатында Азия Кеңесі штаб-пәтерін Алматыдан Астанаға көшірілуіне арналған.

2008 жылғы 25 тамызда, министрлер кездесуімен қатар, Орталық Азия-Каспий өңіріндегі қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі халықаралық бірінші форум да ұйымдастырылады. 2 күнге созылатын форум қатысушылары арасында танымал сарапшалар және әлем деңгейіндегі ғалымдар бар. Аталған шара, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің сенім шараларының тізімі және өзге де негізгі құжаттарында көзделген идеялар, шешімдер және ұстанымдар дамытудағы министрлер кездесуі аясында бірінші рет өткізілмек.

Орталық Азия-Каспий өңірінің жаһандық және азиялық қауіпсіздік жүйесіндегі ролі, сондай-ақ экономикалық, гуманитарлық және әскери-саяси алаңдарында ынтымақтастық сарапшыларының талдау және талқылау нысанасы болмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар