Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Барак Обаманы Қазақстанға шақырды
Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Қайрат Омаров осы ел президенті Барак Обамаға сенім грамоталарын табыс етті. |
Салтанатты рәсім қаңтардың 14-і күні Вашингтонда өткен болатын, деп сейсенбі күні еліміздің СІМ хабарлады.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, салтанатты рәсімнен кейін өткен кездесуде тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
Президент Б.Обама екі жақты байланыстарды дамытып, ғаламдық және аймақтық қауіпсіздікті нығайту жолында бірлесе еңбек етуге дайын екенін жеткізді.
«Кездесу соңында Қ.Омаров ұлықтау рәсіміне әзірленіп жатқан АҚШ басшысына президент Н.Назарбаевтың құттықтауы жеткізіп, ебасының оны Қазақстанға шақырып жатқанын атап өтті», - делінген хабарламада.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін