Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Челябинск қаласына келді - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-10 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Челябинск қаласына келді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Челябинск қаласына келді

Бүгін, 17-мамырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Челябинск қаласына келді. Мұнда ол Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 17 Мамыр 2005
  • 341
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшыларының хаттамаға түсетін ресми кездесуі Челябинск облыстық әкімшілігінде өтеді.

Кездесуден кейін Н.Назарбаев пен В.Путин Орал ерікті танкистер корпусына арналған ескерткіштің жанындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қояды. Бұл корпустың құрамында Ұлы Отан соғысы кезінде көптеген қазақстандықтар шайқасты.
Бұдан кейін В.Путин мен Н.Назарбаев Ресейдегі ауқымы жағынан екінші спорт кешенінен жататын «Уральская молния» жабық мұз айдынына барады.
Түстен кейін екі президент шекаралас өңірлердің жетекшілерінің қатысуымен өтетін кеңеске қатысады. Кеңесте шекаралық ынтымақтастық, өзара визасыз қатынау, экономикалық сипаттағы, соның ішінде энергетика саласындағы мәселелер талқыланады деп межеленген. Бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.

Перейти к новостям спорта