Парламенттің төменгі палатасының депутаты өзі басқаратын Қазақстан патриоттары партиясының республикадағы маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларға қатысты ұстанымы туралы Елбасын хабардар етті. Ғ.Қасымов сондай-ақ, Алматыдағы өзі сайланған депутаттық округ сайлаушыларымен жасап жатқан жұмыстары туралы әңгімелеп берді.
Кездесу барысында парламентте кеше ғана қабылданған «Сайлау туралы» заңға қатысты кейбір мәселелер де сарапқа салынды.