Түзетулер Н.Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясы ХVI съезі мен Қазақстан халықтары ассамблеясының XXII сессиясында берген тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында әзірленген болатын.
Құжатта Қазақстанның мемлекеттік рәміздері міндетті пайдаланылатын орындар тізімі кеңейтіліп, мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібін реттейтін өзгерістер қарастырылған. Сондай-ақ, үкіметтің осы мәселеге қатысты құзыреті нақтыланады.
Сонымен қатар, заңға енгізілген түзетулер Мемлекеттік рәміздер күнін атап өту тәртібін әзірлеуге, мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілер туралы сарапшылар кеңесін құруға мүмкіндік береді.