Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысындағы Көксарай су реттегіші құрылысының барысымен танысты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысындағы Көксарай су реттегіші құрылысының барысымен танысты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысындағы Көксарай су реттегіші құрылысының барысымен танысты

Шымкент. 11 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысындағы Көксарай су реттегіші құрылысының барысымен танысты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 11 Қараша 2008
  • 627
Фото - Caravan.kz

Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко Көксарай су тоспасының басында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстар туралы баяндап берді. Қазір «Қазақселденқорғау» мемлекеттік басқармасының және мердігерлік ұйымдардың күшімен негізгі және айдаушы гидроқұрылғыларда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоспарланған көлемдегі барлық қазба жұмыстары аяқталды, топырақтан бөгет тұрғызылып бітті. Жылдың басынан бері Төтенше жағдайлар министрлігі 1 млрд 800 млн теңгені игеріп отыр.

Көксарайдағы жұмыстың барысымен танысқан Елбасы Н.Назарбаев жұмыстың кесте бойынша жүргізіліп жатқанын атап көрсетті.

«Менің ойымша, келесі қыста біз 1 миллиард текше метр көлемде алғашқы су қорын жинай аламыз. Жыл сайын су тасқынының алдын алуға, өзен арнасын бойлай қоныстанған халықты көшіруге, елдімекендерді қайта қалпына келтіруге 100 миллион теңгеден жұмсап келдік. Енді, міне, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің де, таза суды жинаудың да мүмкіндігі пайда болады», деді Елбасы өз сөзінде.

Көксарай су реттегішін салу туралы шешімді үкімет ағымдағы жылдың маусым айында қабылдады. Оған себеп, жыл сайын еліміздің оңтүстік өңірі су тасқынына ұшырап жатады. Кенересінен асып кететін Сырдарияның суы 40 мыңнан астам тұрғыны бар 50-ден астам елді мекенге қауіп төндіріп отырады. Оның үстіне Сырдария төрт мемлекеттің аумағы арқылы өтеді және өзеннің су ресурстарын пайдалану схемасы соңғы он жылдықта түбегейлі өзгеріске ұшырап отыр. Ал су ағысын реттеу және егістіктерді суаруға су қорын жинау үшін салынған Шардара су қоймасының шамасы бүгінде жеткіліксіз болып қалды. Сондықтан да жыл сайын мемлекет алдымен су тасқынының алдын алуға, ал су тасыған жағдайда — оның салдарларын жоюға қомақты қаржы жұмсауға мәжбүр.

Көксарайдың арқасында көрші республикалардан су тәуелділігінен құтылу көзделген.

Жобаны жүзеге асыруға қаржы республика бюджетінен бөлініп отыр. Көксарай су тоспасының құрылысы 2012 жылы толық аяқталатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар