«Ұсынылған бірқатар шаралар шынында да қажет және қазіргі саяси жаңару бағыттарының стратегиясына сәкес келеді»,-деді Н.Назарбаев.
«Мен парламенттің ролін бірқатар міндеттемелерін президенттен парламентке беру арқылы арттыру туралы ұсынысты қолдаймын : Конституциялық кеңесті, Орталық сайлау комиссиясын, Есеп комитетін қалыптастыру. Және біз аталған конституциялық органдарды құру кезінде инвесторлардың теңдіктерін қамтамасыз етуіміз керек, ешқандай қателік жібермеуіміз қажет»,-деп атап өтті президент.
Н.Назарбаевтың пікірінше, «премьер-министр өз тағына отырмас бұрын парламенттегі партия өкілдерінің қолдауына ие болуы туралы мәселені қарастыратын кез келді». Сонымен қатар, президент ел бюджетін , мүмкін жергілікті бюджетті қабылдау , оның орындалуын бақылауы парламенттің ерекше билігі болуы тиіс», деп есептейді.
«Бұл билік институтының , президент институтының әлсіреуіне әкеп соқтырмауы керек. Үкіметті құрудағы президент пен парламент ықпалын сақтайтын тепе-теңдік жүйесін сақтау үшін шаралар ойластыру керек. Бұл елде биліктің әлсіреуіне жол бермеу үшін қажет»,-деді Н.Назарбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті