Жарияланды: 540

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ханзада Кәрім Ага Хан Қазақстан мен Даму жөніндегі Ага Хан ұйымы арасындағы ынтымақтастық жайын талқылады (толық нұсқасы)

Астана. 29 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ханзада Кәрім Ага Хан ІҮ Қазақстан мен Ага Ханның даму жөніндегі ұйымының өзара ынтымақтастық жайын талқылады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Кездесуден кейінгі брифингте мәртебелі мейман біздің елімізге Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан үкіметтерінің және Ага Ханның даму жөніндегі ұйымының Орталық Азия университетімен арадағы келісім аясында осы білім ордасының дамуына қатысты жағдайды білу үшін келгендігін атап өтті. Сонымен қатар мәртебелі мейман кездесуде Ага Ханның даму ұйымының Қазақстанмен және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық мәселелері сөз болғанын атап өтті. "Мен Қазақстанмен барлық салалар бойынша ынтымақтастықтың бұдан былай да дами беретініне үміт артамын", деді ханзада Ага Хан. Ага Ханның Қазақстанға еліміз жағының шақыруымен Орталық Азия аймағына сапары аясында келіп отыр. Ол ертең Ага Ханның даму жөніндегі ұйымының Орталық Азия университетінің Қазақстандық кампусы салынатын жерге барады деп күтілуде. Орталық Азия университетін Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан үкіметтері мен Ага Хан қоры 2000 жылы құрған. Осынау жеке меншік университеттің құру шарты мен жарғысына мемлекет басшылары қол қойып, үш мемлекеттің парламенттері бекітіп, БҰҰ-да тіркелген. Университеттің әкімшілігі Бішкекте орналасқан, ал өкілдіктері Қазақстанның Текелі, Қырғызстанның Нарын, Тәжікстанның Хорог қалаларында орналасады. Жұма күні Ага Хан ханзада Тәжікстанға, ал келесі аптада Қырғызстанға барады. Қазақстанның Ага Ханның даму жөніндегі ұйымымен (ОАХР) ынтымақтастығы 1998 жылы басталды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін