Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан президентін Қазақстанға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан президентін Қазақстанға шақырды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан президентін Қазақстанға шақырды

АСТАНА. 15-ақпан. Kazakhstan Today. Қазақстан басшысы Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымұхаммедовті елімізге сапармен келуге шақырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 15 Ақпан 2007
  • 395
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүкілхалықтық сайлауда жеңіске жеткен Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымұхаммедовтің лауазымына ресми кірісу рәсімі Ашғабадтағы Рухыет сарайында болып өтті.

Рәсім аяқталғаннан кейін Қазақстан президенті мен Түрікменстан президентінің кездесуі болды. Гурбангулы Бердымұхаммедовтің кандидатурасын жақтап дауыс берушілердің жоғары деңгейін атап өткен Нұрсұлтан Назарбаев оны ел президенті лауазымына сайлануымен құттықтады.

Кездесу кезінде екіжақты қарым-қатынастарды нығайту мәселелері мен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың келешегі талқыланды. Сондай-ақ екіжақты өзара іс-қимыл саласындағы қандай да бір проблемалардың жоқтығы, халықаралық өзекті мәселелер бойынша біздің мемлекеттердің ұстаным жақындығы аталып өтілді.

Г.Бердымухаммедов президенттің шақыруын ризашылықпен қабыл алды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті