Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
![]() |
Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында әрбір қазақстандықтың өміріндегі үштілділіктің маңыздылығы туралы айтты. |
Бұл ретте Ұлт Көшбасшысы өз сөзінде орыс тіліне ерекше көңіл бөлді. Атап айтқанда, Президент: «орыс тіліне және кириллицаға біз қазақ тіліне қандай қамқорлықпен қарасақ, сондай қамқорлықпен қарауымыз керек. Орыс тілін білу - біздің ұлтымыздың тарихи артықшылығы екені баршаға белгілі. Дәл осы орыс тілі арқылы қазақстандықтар бірнеше ғасыр бойы қосымша білім алып, ел ішінде де, шет жерлерде де өз дүниетанымдары мен араласатын ортасын кеңейтіп келе жатқанын жоққа шығармауға тиіспіз», деп атап өтті.
Нұрсұлтан Назарбаев жастарға үндеу салды. Мемлекет Басшысы барлығын, әсіресе жас ұрпақ өкілдерін ағылшын тілін үйренуге шақырды. Президент дәл ағылшын тілінің әрбір қазақстандық үшін жаңа және шексіз мүмкіндіктерді ашатынына сенімді.
Нұрсұлтан Назарбаев үштілділік тақырыбына ерекше назар аударды. Оның айтуынша, бүгінде көптеген балалар үш тілді: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеріп алған.
Мемлекет Басшысы бұл ретте мемлекеттік тілді меңгерудің маңыздылығын атап өтті. Президент осындай мәлеметтерді айтып өтті: қазірдің өзінде еліміздегі оқушылардың 60 пайыздан астамы мемлекеттік тілде оқиды. Мемлекеттік тіл барлық мектептерде оқытылады. Бұл - егер бала биыл мектепке барса, енді он-он екі жылдан соң жаппай қазақша білетін қазақстандықтардың жаңа ұрпағы қалыптасады деген сөз.
Қазақ әлсіресе - алауыздықтан әлсіреген, күшейсе - бірлікпен күшейген.
«Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады» деген атам қазақ. Бұл - тарих заңы. Сондықтан да қазақтың бірлігі - еліміздің кілті, ең басты мәселесі. Ел бірлігі - ең асыл қасиет», - деді Мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық - ең алдымен, өзімізге - қазақ халқына қажет.
«Қазақты еш уақытта сырттан жау алған емес, қазақ әлсіресе - алауыздықтан әлсіреген, күшейсе бірлікпен күшейген. Үйдің берекесі қабырғасының қиюымен емес, теңінің жиюымен, отбасындағы сыйластық пен татулықпен келеді. Мемлекет те солай», - деп түйіндеді өз сөзін Елбасы.
Қазақтың ру мен тайпаға бөлінуі - бұл ұлттық тұтастықтан айырылудың өте қауіпті түрі.
Қазақтың ру мен тайпаға бөлінуі - бұл ұлттық тұтастықтан айырылудың өте қауіпті түрі болып саналады.
«Қазақстанның елдігі асқан, ерлігі тасқан, кемелді, келісті елге айналуына бізден, қазақтан артық кім мүдделі, айтыңдаршы?! Біз өзіміз ең алдымен мүдделіміз! Қазақтың ішкі тұтастығын бұзғысы келетін рушылдық, жершілдік әңгімені ел бірлігін бүлдіргісі келетін күштердің пайда болуы Елбасы ретінде мені алаңдатпай қоймайды. Ондай жымысқы ниеттің арғы жағына құлақ асып, айтағына ілессек, әр атаның шежіресін әспеттеп, әр жаққа тартқанымызды аңдамай қалуымыз мүмкін, түптен келгенде мемлекетті құртқанымызды түсінбей де қалуымыз мүмкін», - деді өз сөзінде Елбасы.
Сонымен қатар, Президент ру мен тайпаға бөліну - бұл ұлттық тұтастықтан айырылудың өте қауіпті түрі болып саналатынын жеткізді. «Қазақ шежіресінің түпкі мәнін ұмытпайық. Алып дарақтың бұтақтары секілді күллі рулардың түбін қуа келгенде барлығы бір ғана ұлы тамырға, қазақ деген ұлтқа барып тірелмей ме?», - деді Нұрсұлтан Әбішұлы.
Бұл ретте Мемлекет басшысы қай шежірені алып қарасаң да ол қазақтың бірлігі мен тұтастығын әйгілейтінін жеткізді. «Барлығымыздың айтып жүрген батыр бабаларымыз: Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, Әбілқайыр, Абылай - бұлар барша қазаққа ортақ және шежіре бұларға келіп тірелмейді. Шежірені ары қарай жүргізейік, сонда барып, түбімізде бәріміз ханымыз бір қазақтың баласы болып шығамыз. Сарыарқаны ел ортасы Астанаға орнатқанда да әр өңірдің жастары орталыққа жиналып, бір-бірімен қауышып, бір мемлекеттің, бір үйдің, бір ел мен бір ұлттың баласындай болайық деген үміт еді. Солай да бола береді деген үміттемін», - деді Н. Назарбаев.
Еліміздің табиғи байлығына байланысты қарым-қатынасымызды қайта ойластыру маңызды.
Табиғи ресурстарды барынша тиімді пайдалану шарт. Бүгін «Астана Опера» жаңа мемлекеттік опера және балет театрында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында Қазақстан халқына жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты.
Қауіп-қатерлердің бірі табиғи ресурстар қорының қысқаруына байланысты екеніне тоқталған Президент, «табиғи ресурстар қайта орны толтырылмай, таусылатыны белгілі. Сондықтан біздің еліміздің табиғи байлығына байланысты қарым-қатынасымызды қайта ойластыру маңызды. Оларды дұрыс басқарып, барынша тиімді пайдалану шарт», деді.
Қазақстан таза әрі жасыл энергия көздерінің жаңа тәсілдеріне негізделуі тиіс.
Технологиялық жаңалықтар әлемдік нарықтардың құрылымы мен қажеттіліктерін түбегейлі өзгертеді.
Елбасы үшінші индустриялық революция жайында айта келе, «технологиялық жаңалықтар әлемдік нарықтардың құрылымы мен қажеттіліктерін түбегейлі өзгертеді. Таза әрі жасыл энергия көздерінің негізінде, сланстық газдарды өңдеуден, биоотын өндірісінен энергия алудың жаңа тәсілдері табылды. Біз осы үдерістердің қатысушысы болуымыз керек», - деп түйді Мемлекет басшысы.
2050 жылға қарай шағын және орта бизнес ел экономикасының басымдығы болады.
«Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнес үлесі 2030 жылға қарай екі есе өсуі тиіс. Ал 2050 жылға қарай бұл сектор басымдықты болады», - деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Елбасының атап өтуінше, шетелдік және отандық тәжірибе көрсетіп отырғандай, бизнестің кәсіпкерлік палатасына шоғырлануы экономика дамуының басты маңызды факторы болып табылады.
«Сондықтан да Үкіметтің сенімді, құзіретті әріптесі болып табылатын жаңа ұлттық кәсіпкерлер палатасына бизнесмендердің міндетті мүшелігін енгізу мақсатты болып табылады. Бұл қазақстандық бизнесті, оның ішінде шағын және орта бизнесті де экономиканы дамытудың стратегиялық міндеттерін жүзеге асыруға кеңінен қатыстыруға мүмкіндік береді», - деді Н.Назарбаев.
Қазақстан ауыл шаруашылығы өндірісінде сапалы серпіліс жасауы шарт.
Әлем азық-түлік өндіру тұрғысында түбегейлі өзгерістер қажеттілігінің алдында тұр. Бүгін «Астана Опера» жаңа мемлекеттік опера және балет театрында Тәуелсіздік куніне арналған салтанатты жиында Қазақстан халқына жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты.
Жаһандық демографиялық қауіп-қатерге тоқталған Президент, «БҰҰ мәліметтері бойынша жершарындағы адам саны 6-дан 7 миллиардқа дейін жету үшін 10 жылдан астам уақыт қажет болды. Ғасырдың ортасында болжам бойынша планетаның халқы тағы 2 миллиардқа өсіп, 9 миллиард адамды құрайтын болады», - деді. Осы орайда Елбасы бұл мәселе өз кезегінде баршамыз үшін жауапкершілік жүктейтінін, яғни осы тұрғыда адамдардың еңбегі, азық-түлікпен қамтамасыз ету және басқа да салалардағы қадамдар ескерілуі тиіс екендігін айтып өтті.
«Қазақстанда адамның орташа жасы - 35 жас. Біздің жағдайымызда пайда табу үшін еңбекпен қамту, әлеуметтік қамтамасыз ету, денсаулық, отбасын бекемдеу мәселесін жоспарлау маңызды», - деп түйді Н. Назарбаев.
Мемлекет басшысы азық-түлік қауіпсіздігі мәселесіне тоқтала келе, «бүгінде әлемде 1 миллиардқа жуық адам азық-түлік жетіспеушілігін сезініп отыр. Әлем азық-түлік өндіру тұрғысында түбегейлі өзгерістер қажеттілігінің алдында тұр. Қазақстан ауыл шаруашылығы өндірісінде сапалы серпіліс жасауы шарт. Ол үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар», - деді.
Бюджеттік саясаттың басты ұстанымы - мүмкіншіліктер шегінде ғана жұмсау және тапшылыққа, минимумға дейін қысқарту.
«Жаңа бағыттың экономикалық саясаты - бұл табыстылық, инвестиция қайтарымы және бәсекеге қабілеттілік принциптеріндегі жалпы қамтитын экономикалық прагматизм»,- дедің Елбасы.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы бюджеттік саясаттың басты ұстанымы мүмкіншіліктер шегінде ғана жұмсау және тапшылыққа, минимумға дейін қысқарту екендігін баса айтты.
«Әрбір салынған мемлекеттік қаржы табыс әкелуі тиіс. Біздің резервтерімізді еселеуіміз, олардың сақталуын қамтамасыз етуіміз қажет», - ҚР Президенті.
Инфляция деңгейін экономикалық өсім үшін қолайлы ұстау 2013 жылдан бастап Ұлттық банк пен Үкмет жұмысының басты бағыты болады.
«Салық салу нысандары, әсіресе өндіріс, жаңа технологиялар және біздің еліміздің индустрияландырылу салалары үшін жайлы салық режімін енгізу қажет. Қолданыстағы барлық салық жеңілдіктеріне тексеру жүргізуді, оларды барынша тиімді жасауды тапсырамын»,- деді Мемлекет басшысы.
Ал ақша-кредит саясаты саласында әрбір қазақстандықтың табысын қорғауды қамтамасыз ету маңызды екендігін баса айтқан Елбасы: «Инфляция деңгейін экономикалық өсім үшін қолайлы ұстау қажет. Бұл 2013 жылдан бастап Ұлттық банк пен Үкімет жұмысының басты бағыты», - Н.Назарбаев.
Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез-келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады
«Мемлекеттік тілмен қатар, Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың тілін, мәдениетін және салт-дәстүрін дамытуға барынша жағдай жасауды алдағы уақытта да жалғастыра беретін боламыз. Тағы айтарым, біздің елімізде ешкім де қандай да бір этносына, тіліне қатысты өзінің конституциялық құқығы тапталмауы керек. Дәл осы принциппен біздің елімізде бірде біреу кемшілік көрсе, әсіресе жұмысқа қабылданып, ЖОО-ға түсу барысында кемсітілсе, онда барша Қазақстанның құқы тапталды деп санау керек», - деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Н.Назарбаев «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» деген ақиқатты да айтты. «Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез-келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады. Осылайша, тәуелсіздігіміз бүкіл ұлтты ұйыстыратын ең басты құндылығымыз - туған тіліміздің мерейін үстем ете түседі», -деді Мемлекет басшысы.
Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде елімізді «Қазақ Мемлекеті» деп атайтын боламыз.
«Тілге деген көзқарас шындап келгенде елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан оған бей-жай қарай алмаймыз. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде елімізді «Қазақ мемлекеті» деп атайтын боламыз», - деді Мемлекет басшысы.
Егер әрбір қазақ ана тілінде сөйлеген болса, тіліміз әлдеқашан Ата заңымыздағы мәртебесіне лайық болар еді.
«Қараңыздар, еліміз тәуелсіздік алған тұста қазақтың саны 6,8 млн. адам болатын немесе халықтың 41 пайызын құрайтын. Ал қазір 11 млн-нан асты, 65 пайызға жетті. Қазақтың саны ғана осы жылдар ішінде 4 млн.-нан асты. Егер әрбір қазақ ана тілінде сөйлеген болса, тіліміз әлдеқашан Ата заңымыздағы мәртебесіне лайық болар еді. Қазақ тілі туралы айтқанда істі алдымен өзімізден бастауымыз керектігі ұмыт қалады, әр уақытта. Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім алдымен өзгені емес, өзін қамшылауы тиіс емес пе?! Тағы да қайталап айтайын - Қазақпен қазақ қазақша сөйлессін! Сонда ғана өсеміз. Өзімізді түземей тұрып, өзгеге тіл үйреткеніміз қалай болады? Сонда ғана қазақ тілі барша қазақстандықтардың қолданыс тіліне айналады», - деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан барша әлемнің геоэкономикалық, геосаяси орталығында тұғырланады.
21 ғасырда стратегиялық жоспарларда жаһандық жаңа қауіп-қатерлер ескерілуі тиіс. Бүгін «Астана Опера» жаңа мемлекеттік опера және балет театрында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында Қазақстан халқына жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты.
Қазақстанның бағыт-бағдарларын 2050 жылға дейін негіздеу керектігіне тоқталған Президент, «21 ғасырда стратегиялық жоспарларда жаһандық жаңа қауіп-қатерлер ескерілуі тиіс. Бұл қандай қатерлер? Осы орайда ұзақ мерзімді жоспарды қабылдауда бізге осы қауіптерді талдауға туралы келді», - деді.
«Біріншіден прогресстің бірнеше есеге жеделдетілуіне байланысты. Әлем жаһандық мегаөзгерістер кезеңіне аяқ басты. Соңғы 60 жылда әлемдік жалпы ішкі өнім 11 есеге өсті. Назар аударыңыздар, біз тек 15 жылда 16 есеге өстік. Басқа елдерге осы жетістіктерге 100-150 жыл қажет болды», - деді Елбасы.
Президент жаһандық экономиканың орталығы Азия-Тынық мұхиты жағына қарай белсенді түрде ауысып бара жатқанын айта келе, бұл үрдіс Азияға негізделгеннен кейін Қазақстан барша әлемнің геоэкономикалық, геосаяси орталығында тұғырланатынын жеткізді.
«Бұл біздің «Қазақстан 2030» стратегиясын қабылдаған кезде болған мүмкіндіктерге қарағанда мүлдем басқа талаптар», - деп түйді Елбасы.
2025 жылға қарай шикізаттық емес экспорттың үлесі 2 есе, ал 2040 жылға қарай 3 есеге артуы тиіс.
«Қазақстан Үкіметіне елді индустрияландырудың одан арғы егжей-тегжейліә базалық жоспарын әзірлеуді тапсырамын. Оны бүгін мен атап өткен стратегияны жан-жақты қамтамасыз етудің басты тапсырмасы деп санаймын», - деді Елбасы.
Бұл орайда Мемлекет басшысының атап өтуінше, қолға алынған шаралардың нәтижесінде жалпы көлемдегі шикізаттық емес экспорттың үлесі 2025 жылға қарай 2 есе, ал 2040 жылға қарай 3 есеге артуы тиіс
Ауыл шаруашылығын өнімін экспортқа шығаратындай деңгейде дамыту қажет.
Ауыл шаруашылығын жаңғырту маңызды мәселе. Біздер үшін басты міндет - фермерлікті, ауылдардағы шағын және орта бизнесті дамыту», - деді Мемлекет басшысы.
ҚР Президентінің атап өтуінше, ауыл шаруашылығын, Қазақстанның азық-түлік өнімдерін негізгі экспорттық өнімдер ретінде сыртқа шығаратындай деңгейге жеткізіп, дамыту қажет. «Біздерде бұған қажетті барлық мүмкіншілік бар», - деді Н.Назарбаев.
Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет.
Бүгін Астанада Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған салтанатты жиын барысында Қазақстан халқына Жолдауын арнаған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.
«Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпараттың тіліне айналдырады», - деді Елбасы.
Сонымен қатар, Н.Назарбаев терминология мәселесінде де қолға алар істердің әлі баршылық екенін айтты. «Мәселен, көне грек тілінен дүниеге жайылған «музей», «архив» секілді сөздер әлемнің барлық тілдеріне балдай батып, судай сіңіп кетсе де, біз оны «мұражай», «мұрағат» деп қазақшалап алдық. Маған келіп әлі күнге дейін айтады «композиторды» сазгер деп, «пианиноны» күйсандық деп аудару керек деп. Бұл барлық елде қолданылатын сөз», -деді Мемлекет басшысы.
15 жыл ішінде Қазақстан халқының табысы 16 есеге өсті. «2030 стратегиясында басымдықтың бірі білім беру, денсаулық сақтау, елдің әл-ауқатын жақсарту болатын. 15 жыл ішінде біз халықтың табысын 16 есеге арттыруға жағдай жасадық. Орташа айлық жалақы 9,3 пайызға артты. Зейнетақы төлемдері 10 есеге артты. Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 2011 жылы 631 млрд. теңгені құрады. Соңғы бес жылда бала туудағы ана өлімі 3 есеге төмендеп, бала туу 1,5 пайызға артты», - деді Елбасы.
Тәуелсіз қазақ елінің азаматтарын алалауға, бауырластығын бұзуға ешкімнің қақысы жоқ.
«Қазақстан біздің қасиетті мекеніміз. Кейінгі ұрпақ осынау қасиетті мекенде өмір сүріп, өркен жайды. Қазақ жеріне тағдырдың жазуымен алуан түрлі ұлт өкілдері қоныс аударды. Біз оларға құшағымызды ашып, қазақи қонайжайлылықпен қарсы алдық. Олар біздің елімізде өсіп-өніп, бауырларымызға айналды. Қазір біз көпұлтты сипаты бар біртұтас елміз. Мынау жаһандану дәуірі - көпұлтты мемлекеттер дәуірі болмақ. Жалғыз ұлттың мемлекеті деген болмайды. Бұл әлемдік үрдіс», - деді Елбасы.
Сонымен қатар, еліміздің дамуына барша ұлт пен ұлыс өкілдері бірігіп үлес қосқанына тоқталды.
«Ендеше Тәуелсіз қазақ елінің азаматтарын алалауға, бауырластығын бұзуға ешкімнің қақысы жоқ. Барлық ұлт өкілдерімен тіл табысып, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру барша қазақстандықтың басты қағидаты болуы шарт», - деді Н.Назарбаев.
Барлық ұлт өкілдерімен тіл табысып, тату-тәтті, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру - барша қазақтың басты қағидасы болуы шарт.
Әлемдік экономика шыға қоймаған 2007-2008 жылдардағы дағдарыстың жалғасын байқаудамыз.
Әлемдік дағдарыстың жаңа толқынының қауіп-қатеріне тоқталған Елбасы, «біз қазір әлемдік экономика шыға қоймаған 2007-2008 жылдардағы дағдарыстың жалғасын байқаудамыз. 2013-2014 жылдары жаһандық экономикалық жүйе қайтадан күрделі тоқырауға ұшырауы мүмкін. Оның ішінде шикізатқа әлемдік бағалардың құлдырауы ықтимал. Бұл өз кезегінде бізге өте қолайсыз әсер ету мүмкін», - деді.
Сондықтан да Президент Қазақстан да қамданып, аталған қатерлерді түсіне біліп, сондай-ақ оны еңсеру керектігін қадап айтты.
Елдің энергетикалық саясатын түзетуіміз керек.
Табиғи ресурстарды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесін енгізуіміз қажет. Елдің энергетикалық саясатын түзетуіміз керек. Технологиялық төңкеріс шикізат сұранысының құрылымын өзгертеді.
Осы ретте Мемлекет басшысы композиттер технологиясы мен бетонның жаңа түрлерін енгізу темір кенінің қорын құнсыздандыруға алып келетіндігін мысалға келтірді.
"Яғни, бұл жаңалық. Мәселен тақтатас (сланцевый) газдарды және балама энергия көздерін өндіру мұнайгаз ресурстарының маңыздылығын төмендетеді», - деді Мемлекет басшысы.
Жаңа қауіп-қатерлерге төтеп беру үшін бізге стратегиялық жоспарлаудың кеңістігін кеңейту керек. Мен ұлттың 2050 жылға дейінгі жаңа саяси бағытын қалыптастыруды ұсынамын.
Біз «Қазақстан-2030» стратегиясының бірқатар бағыттарын мерзімінен бұрын орындадық.
Сөз арасында Елбасы осыдан 15 жыл бұрын «Қазақстан -2030» стратегиясы қабылданғанын, осы жылдар ішінде сол құжат елдің даңғылын жарық етіп тұрғанын, басты жолымыздан адастырмауға септігін тигізгенін айтты. «1997 жыл стратегия қабылданған жыл естеріңізде болар. Парламентте жарияланғаннан соң көптеген азаматтар «бұл не, тағы да мемлекеттік насихаттау жоспары ма? Қолжетпейтін дүниелерге құрғақ уәде беру ме?» деп түсінбеген сыңай танытқан. Алайда «көз қорқақ, қол батыр» демекші, бүгінгі күні «Қазақстан-2030» стратегиясының бірқатар бағыттарын мерзімінен бұрын орындадық», - деді Елбасы.
Бұдан бөлек, Елбасы сол стратегияның 7 бағыты бойынша атқарылған шараларға тоқталды. «Біріншіден, ұлттық қауіпсіздік. Қазақстанда ұрысқа қабілетті, кәсіби Қарулы Күштері бар. Біз 14 мың шақырымға созылған мемлекеттік шекара мәселесін барлық көршілестермен түпкілікті шеше алдық. Әлемде, көптеген елдер үшін шекара мәселесінің шешімін таппауы мемлекеттердің проблемасына айналуда. Үндістан мен Пәкістан, Таяу Шығыста көптеген проблемалар туғызып отыр», -деді Н. Назарбаев.
15 жыл ішінде ұлттық экономика ауқымы 16 есеге артты.
«2030 стратегиясында біз экономикалық өсім туралы айтып едік. 15 жыл ішінде ұлттық экономика ауқымы 1,7 трлн. теңгеден 28 трлн. теңгеге 2011 жылы жетті. Өсім 16 еседен астамды құрады. Жалпы ішкі өнім үлесі 7 есеге артып, 12 мың долларға жетті. Біздің экономикамызға 160 млрд. доллар шетелдік инвестиция тартылды. Бұл Орталық Азия өңіріндегі ең үлкен инвестиция», - деді Елбасы.
Бұдан бөлек, Н. Назарбаевтың айтуынша, еліміздің алтын-валюталық резерві Ұлттық қорды қоса алғанда 87 млрд. долларды құрап, ЖІӨ-нің 40 пайызына жетті. «Алты жыл бұрын мен әлемнің бәсекеге қабілетті елу елінің қатарына кіру туралы тапсырма жүктедім. 2012 жылы Дүниежүзілік экономикалық форумның бағалауы бойынша қазақстан 51 орынға енді. Біз өз межеміздің табалдырығында тұрмыз. Ал экономиканың ауқымы бойынша 2012 жылдың қорытындысы бойынша біз әлемнің қуатты 50 экономикасына кіреміз», - деді Н. Назарбаев.
Елбасы осы орайда бұған дейінгі бастамада да сын айтушылар болғанын, бірақ та 2030 стратегиясының басым тармақтары уақытынан бұрын орындалғанын тілге тиек етті.
«Біз екі жылдың ішінде осы бағдарлама бойынша жұмыс істедік. Бұл жұмыстар белгілі шетелдік және еліміздің сарапшылары, Үкіметтің мүшелерінің қатысуымен зерделенді. Бұл үлкен жұмыстың нәтижесі. Атап айтқанда, 2050 жыл бұл тек символдық дата ғана емес. Бұл бүгінде әлемдік қоғамдастық негізге алған нақты мерзім»,-деді Мемлекет басшысы. Осы орайда Президент БҰҰ өркениеттердің 2050 жылға дейінгі дамуының жаһандық болжамын жасағанын сөз етті.
«Бүгінде көптеген мемлекеттер осындай ұзақмерзімді стратегияларды даярлап, қабылдауда. Ірі трансұлттық компаниялардың өздері 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын әзірлейді», - деді Н. Назарбаев.
Біздің ең басты мақсатымыз - 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру. Бұл туралы бүгін елордадағы «Астана Опера» жаңа мемлекеттік опера және балет театрында Қазақстан халқына Жолдау арнаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Біздің ең басты мақсатымыз - 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру. Бізде ол үшін мүмкіншілік те, ресурс та, білімді адамдар да, берекелі ұлт та бар», - деді Мемлекет басшысы.
Осы ретте еліміздің 2050 жылға дейінгі стратегиясының негізгі ережелерін жан-жақты баяндап берген Елбасы ертең оның бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көретіндігін баса айтты.
Мемлекеттік активтерді басқару жүйесін жаңғырту қажет.
«Біздерге мемлекеттік активтерді басқару жүйесін жаңғырту қажет. Ел тұтас корпорация сияқты жұмыс істеу керек. Ал мемлекет оның ядросы болуы тиіс», - деді Елбасы.
Мемлекет басшысының атап өтуінше, таяу және алыс көршілермен салыстырғанда, Қазақстан экономикасының көлемі бойынша да, сонымен қатар елдің өзі мен халқын толықтай алғанда да, шағын мемлекет.
«Сондықтан да корпорация өзінің шаруашылығын қалай басқарса, яғни әрбір салынған тиыннан табыс табуға тырысатыны сияқты, біздер де елді сол компаниялар сияқты басқаруға тырысуымыз керек», - деді ҚР Президенті.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін