Елбасы Нұрсылтан Назарбаев шілденің бірінші жексенбісін "Ұлттық домбыра күні" ретінде бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Нұрсылтан Назарбаев шілденің бірінші жексенбісін "Ұлттық домбыра күні" ретінде бекітті

Елбасы Нұрсылтан Назарбаев шілденің бірінші жексенбісін "Ұлттық домбыра күні" ретінде бекітті

Мемлекет басшысы Жарлыққа 2018 жылдың 12 маусымында қол қойды.

  • 14 Маусым 2018
  • 172
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды. 

"Қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында қаулы етемін:

1. Шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып айқындалсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін", – делінген Жарлықта.

Оқи отырыңыз:

Екі аяқты балықтарға барып жүр екенсіз: Әйелі Қайрат Нұртасқа ренішін айтты

Алматыда отадан кейін көз жұмған балаға қатысты сұмдықтың беті ашылды 

Мәскеуде қазақ тіліне арналған дөңгелек үстел өтті