Елбасы Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі республикалық кеңеске қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі республикалық кеңеске қатысты

Елбасы Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі республикалық кеңеске қатысты

Астана. 7 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі республикалық кеңеске қатысты, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 7 Қараша 2008
  • 429
Фото - Caravan.kz

Н.Назарбаев бірнеше жыл бойы еліміздің барлық жұртшылығын дүр сілкіндірген оқиғадан кейін кеңестің Шымкентте өткізілуі кездейсоқ емес екенін атап өтті.

Президенттің тапсырмасы бойынша соңғы жылдары үкімет денсаулық сақтаудың материалдық-техникалық базасын нығайтуға, осы саланы қаржыландыруды арттыруға айрықша көңіл бөліп келеді. 2008 жылы денсаулық сақтауға арналған шығын 403 млрд теңгені құрады. Бұл 1990 жылдармен салыстырғанда ондаған есе артық.

«100 мектеп, 100 аурухана құрылысы» бағдарламасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысында денсаулық сақтаудың 8 нысанын — облыстық қан орталығын, Төле би ауданындағы Ленгір қаласында аудандық аурухана құрылысын, Түркістан және Шымкент қалаларында көп бейінді балалар ауруханаларын, үш қалалық емхананы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының клиникасын салу көзделген.

Президент өз сөзінде денсаулық сақтау саласының нақтылы проблемаларына назар аударды және оларды шешу жөнінде министрліктер мен жергілікті билік органдарының алдына нақты міндеттер қойды. Нұрсұлтан Назарбаев «осы саладағы жағдайды егжей-тегжейлі зерделеуді және бүгінгі кеңестің қорытындылары бойынша оны жақсарту жөнінде батыл шешімдер қабылдау» қажеттігін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар