Елбасы Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы табысты жүзеге асырылып жатқанын атап өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы табысты жүзеге асырылып жатқанын атап өтті

Елбасы Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы табысты жүзеге асырылып жатқанын атап өтті

"Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғын үй құрылысын салу қарқынымен алда келеді. Мұнда мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда". Бұл туралы бүгін, 19-қазанда Шымкенттегі құрылыс нысандарын аралап көрген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Қазан 2004
  • 527
Фото - Caravan.kz

Таңертең мемлекет басшысы «НИМЕКС» компаниясы ақсүйектерге арнап элиталы коттедждер салып жатқан «Тұлпар» VIP-қалашығында болып, бұдан кейін «Нұрсат» ықшамауданының тұрғын үйлер алаңына табан тіреді. Мұнда Елбасы салынып жатқан құрылыс нысандарымен танысып, Шымкенттік құрылыс материалын өндірушілердің көрмесін тамашалады. Н.Назарбаев мұнда ең қысқа мерзімде арзан тұрғын үй салуға мүмкіндік беретін пенополистиролдан алынбайтын опалубка өндіретін «КазHiTechEuroBuilding» ЖШС-нің өніміне бағалады. Елбасы кәсіпорын басшылығына Алматыда өз филиалын ашуға кеңес берді.

Салынып жатқан ықшамаудан құрылысымен танысқаннан кейін президент Желтоқсан көшесіндегі көп қабатты тұрғын үйге келіп, жаңа 64 пәтердің кілтін тұрғындарға табыс етті. Ұлы отан соғысының ардагерлері, зейнеткерлер, көп балалы аналар, ауған соғысының ардагерлері мен бюджеттік мекеме қызметкерлері муниципалдық пайдалану құқығымен пәтер кілттеріне ие болды.
Сондай-ақ, түске дейін президент жазда студенттердің құрылыс отрядында еңбек еткен студенттермен жүздесті. Осындай жұмыс түріне қолдау білдірген Елбасы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бірінші кезекте жас отбасыларды қамтамасыз етуге арналатынын тағы бір атап өтті.
Елбасының Оңтүстік Қазақстан облысына іссапары одан әрі жалғасуда. Түстен кейін Н.Назарбаев «Ютекс» АҚ-ына барады.

Перейти к новостям спорта