Құрылтайға қатысушыларға арнаған жолдауында Елбасы «Асар» партиясына «Қазақстандағы тұрақты даму ағымдарын тұрақтандыру» жолындағы қадамдары мен күш-жігеріне жан-жақты ықпалдастық жасағаны үшін ризашылық білдірді. Мемлекет басшысының пайымдауынша, еліміздің саяси кеңістігінде жаңа бұқаралық бірлестіктің құрылуы «еліміз тұрғындарының азаматтық белсенділігінің артуы мен республиканы саяси және экономикалық дамытуға, сондай-ақ, қазақстандықтардың ортақ игілігі мен гүлденуіне бағышталған мемлекетіміздің стратегиялық жоспарларын қолдауды» білдіреді. Н.Назарбаев «партия мүшелерінің басым бөлігін жастар құрайтындығына» қанағаттанғандық сезім білдіреді.
ҚР президенті содай-ақ, өз жолдауында «елімізді дамыту жөніндегі 2030 стратегиясына сәйкес Қазақстан мейлінше кең ауқымды саяси міндеттерді шешуге кірісіп, дамудың жаңа кезеңіне ден қойды» деп атап көрсетті.
Мемлекет басшысы құрылтай жұмысына табыс тіледі.