Жеделхатта Н.Назарбаев қаза тапқандардың туыс-туғандары мен жақындарына өз атынан және Қазақстан халқының атынан қайғыларына ортақтаса көңіл айтты.
«13-қаңтарда Ташкент әуежайында бірнеше ондаған адамның өмірін қиған ұшақ апаты болғандығы туралы қаралы хабарды жаным ауыра қарсы алдым»,- делінген жеделхат мәтінінде.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Өзбекстан ұлттық әуе компаниясының апатқа ұшыраған Як-40 ұшағы қонуға бет алған сәтте Ташкент әуежайының аумағындағы бетон қоршаумен соқтығысып қалған. Соның салдарынан ұшақ жарылып кетті. Апаттан 32 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі опат болды.